Бiр досым бар...
Бiр досым бар - менi сөгіп, күндейдi,
Бiр досым бар - менi сырттай жөндейдi.
Бiр досым бар - ештеңеден тайсалмай,
Емiн жарқын, аман-есен жүр дейдi.
Бiр досым бар - ылғи менi сөгедi,
Бiр досым бар - зарын маған төгедi.
Бiр досым бар - ылғи менi қорғаштап,
Бiр мен үшін қажет болса өледi.
Бiр досым бар - сырын маған айтады,
Бiр досым бар - сөзi маған батады.
Бiр досым бар - оның берген кеңесi,
Көңiлiмнен әркез шығып жатады.
Бiр досым бар - есiмiмдi мақтаған,
Бiр досым бар - дос болса да жат маған.
Бiр досым бар - көтеретiн көңiлiмдi,
Соны көрсем қуаныштан шаттанам.
Бiр досым бар - үмiтiмдi жалғайтын,
Бiр досым бар - сәлемiмдi алмайтын.
Бiр досым бар - бiлсең айтшы дегенде
Бiлсе-дағы бiлмеймiн деп алдайтын.
Бiр досым бар - қиындықтан қашпайды,
Бiр досым бар - барсам есiк ашпайды.
Бiр досым бар - қолда барын ұсынып,
Мерейiмдi бiр өсiрiп тастайды.
Бiр досым бар - тату-тәттi бәрiмен,
Бiр досым бар - жүршi дейдi әрiмен.
Бiр досым бар - ақыл қосар әр кезде
Дос дегенiң жақсы екен ғой бәрiнен...